Үгіт-насихат жұмыстары

Үгіт-насихат жұмыстары

Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы осы өңірдің барлық жоғары сынып оқушыларына   ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты   әскери оқу орындарына түсу және әскери қызмет  туралы, сонымен қатар әлеуметтік қамтамасыз ету, яғни тұрғын үй, өтемақы төлеу, медициналық көмек, зейнетке шығу және тағы басқа жеңілдіктер жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  

 Әскери мамандық алуға елімізде әскери оқу орындары көптеп саналады. 2012 жылдың 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 1 тармағының, 1) тармақшасына сәйкес әскери оқу орындарына түсуге әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы 17 (он жеті) жасқа толған, бірақ 21 (жиырма бір) жастан аспаған азаматтардың құқығы бар. Сондай-ақ, аталмыш Заңның 39-бабының 4-тармағымен әскери қызмет өткермеген азаматтар әскери оқу орындарына қабылданған кезде әскери қызметші мәртебесіне ие болады және әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 22-бабының талаптарына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған 14-18 жас аралығында олардың заңды өкілдерінің келісуімен келісім жасайды.

ҰБТ кезінде математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі және таңдау пәні Кәсіптік айқындаушы пән физика, химия, биология, география, бүкіл әлем тарихы жалпы білім беру пәндерімен жүргізіледі. Ал, ҰБТ тапсырмайтын оқушыларға Щучинск қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусына түсуге болады. ҰБТ немесе кешендік тестілеудің нәтижелері бойынша 50 және одан жоғары ұпай алған үміткерлер келесі емтихандарды тапсыруға жіберіледі. Кәсіби пән бойынша – 7 ұпайдан кем емес ұпай алу қажет. Жоғары әскери оқу орындарына түсем деушілерге 4 жылдық тегін оқу, жоғары білімді дипломын, жүргізуші куәлігін, әскери билетін және білікті әскери мамандығын алатындығын айтқым келеді. Курсант толықтай мемлекеттің қарамағында болады. Оның ішінде, мүліктік заттармен, оқу мезгілі барысында ақшамен, оқуды аяқтаған түлектердің 100 пайыз жұмысқа орналасуымен қамтамасыз етіледі. Және үш мезгіл нормалық тегін тамақтандырылады, оқу бітіргенше тегін медициналық көмек көрсетіледі және қыс мезгілінде 14 күн, жаз мезгілінде 30 күн демалыс беріледі.

Шара барысында оқушыларға ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары туралы бейнероликтер көрсетіліп, аталған оқу орындарына түсу талаптары түсіндірілді.

Айта кетейік, іс-шараға Қарулы Күштерінің ардагері отставкадағы контр-адмирал Ратмир Алимханович Комратов қатысты.

 

 

Айман ӘБЖАППАРОВА

Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи