Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жуырда "Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту" орталығының ақпараттық түсіндіру бөлімінің сарапшысы  Данияр Айтмағамбет Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинау пунктінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери бөліміне әскери борышын өтеу үшін жасақталып жатқан  шақырылушылармен "Діни экстремизм мен терроризмнің деструктивті идеология ықпалынан сақтау жөнінде" түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өткізіліп жатқан шараның басты мақсаты болашақ сарбаздарға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру болып табылады. Данияр Жеңісұлы тыңдаушыларға дін атын жамылған ұйымдарға тыйым салынғанын және оларға енуге болмайтындығы жайлы мәлімет беріп, жаднама оқыды. Шақырылушыларға тыйым салынған діни ұйымдардың тізімі таратылып, осы ұйымдардан сақ болу туралы да айтылды.

"Дін – бүгінде мемлекеттің ажырамас бір бөлігі. Ұлтаралық және конфессиялық келісімді сақтап, нығайтуда ислам дінінің маңызы ерекше. Қазақстанда осындай екі діннің достығы қатынастың биік үлгісін көрсетіп отыр. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде жүзден астам ұлттар қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз Қазақстанның бейбітшілік бесігіне айналғанын мақтан тұтамыз", - деп  Данияр Айтмағамбет сөзін аяқтады.       

         Кездесу соңында тыңдаушылар қоғамға жат қылық – лаңкестіктен аулақ болу керектігін ұғынып, бейбітшіліктің маңызын түсінді.

                                                                                     

   Айман Абжапбарова

СҚО ҚІД

баспасөз қызметінің бастығы

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи