Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі  Нұрлан Ермекбаев әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының ережелеріне толық сәйкес келуі туралы үндеуін жариялаған болатын.  Осыған орай 36739 әскери бөлімі Атырау қаласы әуе қозғалысын басқару орталығының басшылық құрамы Атырау гарнизонының әскери полиция қызметкерлерімен бірлесе, Қорғаныс Министрінің үндеуін және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырды.  

Дөңгелек үстелге Атырау қаласы әуе қозғалысын басқару орталығының барлық жеке құрамы қатысты. Онда орталық бастығы майор Хайырзада Гайтпаев жеке құрамға тағы бір мәрте Қорғаныс Министрі сайтындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тарауында жарияланған Қорғаныс Министрінің үндеуінің  мәтінін түсіндірді. Ал Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің (сыбайлыс жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніңдегі) офицері әділет аға лейтенант Елдос Мерекеев әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының негізгі талаптарын жеткізді.
           Содан соң әскери қызметшілер «сұрақ-жауап» режимінде аға лейтенант Елдос Мерекеевке ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және ҚР Әдеп кодексі саласында өздерінің сұрақтарын қойды.
          36739 әскери бөлімі Атырау қаласы әуе қозғалысын басқару орталығының әскери қызметшілері үшін өткізілген дөңгелек үстелдің маңызы зор. Өйткені ол  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң саласында толық ақпарат, біршама сұрақтарға жауап алуларына мүмкіндік берді.

Майор Александр Кириченко,

36739 әскери бөлімі

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства