Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

36739 әскери бөлімінде 2018 жылдың қауіпсіздік шараларын бұзудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша онкүндік өткізілді.

Аталған іс-шара аясында Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының әскери автомобильдік полиция бөлімінің офицер-инспекторы майор Дархан Буранбаев, 36739 әскери бөлімінің басшылығымен бірлесіп бөлімнің барлық санаттағы жеке құрамымен «Қауіпсіздік шараларын бұзудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында сабақ өткізді.

Сабақ барысында әскери қызметшілерге әкімшілік құқық бұзуға қатысты заңнамалардың талаптары және жол-көлік оқиғалары туралы көптеген статистикалық ақпараттар жеткізілді. Жеке құрамға «Әскери қызметшілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі туралы» Жаднамалар үлестірілді.

 

 

Майор Айбас Нұрғазиев

36739 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"