Тактикалық шеберлік шыңдалды

Тактикалық шеберлік шыңдалды

   «Шығыс» оқу-жаттығу полигонында бригадалық тактикалық жаттығудың белсенді фазасы өтті. Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов жетекшілік етті.

Бригадалық тактикалық жаттығуға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 40398, 28738, 10810, 10181, 30217, 44736, 44793, 32355-К, 02352 әскери бөлімдерінен 2 мыңға жуық әскери қызметші қатысты. Сондай-ақ, шамамен 6 мыңнан астам әскери техника жұмылдырылды. Онда шартты дағдарысты аудандағы арнайы операцияға тән бірқатар тактикалық эпизодтар меңгерілді. Әскери колоннаны алып жүру, аса маңызды нысандарды күзету, қарсыластың диверсиялық күшімен күрес, заңсыз жасақталған қарулы құраманы оқшаулау және көзін жою, барлауды ұйымдастыру, елді мекенде қоршауда қалған қарсыласпен ұрыс жөніндегі әрекеттер де пысықталды. Әскерилер далалық жағдайда күндіз де, түнде де шеберліктерін шыңдап, жаттығудың күрделі кезеңдерінен өтті. Жауынгерлік ату кезеңінде армиялық авиация техникасы барлау-соққы беруші қимылдар жасады.

Жауынгерлік қимылдарды жүргізу жаттығуға қатысушы әскерилерден үздіксіз барлау жасауды, әскери техника мен қару-жарақты, қорғаныс құралдары мен маскировка жасауды шебер қолдануды, жоғары деңгейдегі ширақтық пен ұйымшылдықты, тәртіп пен ауызбіршілікті талап етті. Жауынгерлікке жақындатылған жағдайдағы бригадалық тактикалық жаттығудың белсенді фазасын ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Кәрібайұлы Бектанов бақылады. Жаттығуды өткізуде көрсеткен жігері және қойылған тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді сапалы орындағаны үшін бірқатар әскери қызметші мақтау қағазымен марапатталды.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства