Тактикалық-саптық дайындық

   Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында жазғы оқу кезеңінің басталуына байланысты тактикалық-саптық дайындықтан сабақтар өтті.

Тактикалық-саптық дайындық сабақтарында «Жеке құрамды және техникаларды қабылдау пункті» тақырыбында көрнекі құралдар мен бейнеролик көрсетіліп, жауынгерлік әзірліктен қарапайымнан күрделіге дейінгі іс-шаралары пысықталды. Алдын-ала белгіленген ауданда далалық шатырлар құрылып, жасақ құрамын толықтыратын әскери міндеттілерді және техникаларды қабылдайтын пунктер дайындалды. Әскери қызметшілердің міндеттерін тексеру де ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жол-патрульдік қызметін ұйымдастыру, әскери қызметшілердің арасында құқық пен тәртіп бұзушылыққа жол бермеу және оның алдын-алу міндеттері сапалы орындалды. Аталмыш сабақтар қорытындыланып, жеке жауапкершілігі, үлгілі тәртібі, ынта-жігері мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін бірқатар әскери қызметші көтермеленді. Жасақ бастығы подполковник Талғат Әмірхан жеке құрамды жазғы оқу кезеңінің басталуымен құттықтады. Қорғаныс министрінің жазғы оқу кезеңіне қойған тапсырмаларын тағы бір мәрте жеткізіп, «Ұлы дала әскері – Мәңгілік ел тірегі» ұранымен басталған оқу жылын жақсы көрсеткіштермен жалғастыруға шақырды.

 

Алуа ИСКАКОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"