Тактикалық оқу-жаттығу дағдыларын жетілдірді

Тактикалық оқу-жаттығу  дағдыларын жетілдірді

Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде жауынгерлік оқ ату мен роталық-тактикалық топтардың тактикалық оқу-жаттығуы өтуде.

Аталыш оқу-жаттығу роталық-тактикалық топтардың үйлесімділігінің соңғы кезеңінде болуда. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты роталардың жауынгерлік әзірлігін, олардың үйлесімділігін тексеру, әскери қызметшілердің өздерінің функционалдық міндеттерін іс жүзінде орындауларына баға беру, практикалық машықты шыңдау болып табылады.

Оқу-жаттығу кезінде бөлімшелер іс жүзінде арнайы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде өзара іс-қимыл жасау мәселелерін пысықтайды. Оқу-жаттығу барысында дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді пайдалану мен бөлімшелердің атысын басқаруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына айрықша назар аударылады.  Тактикалық оқу-жаттығу барысында әртүрлі қашықтықтарда  нысаналарды жою, қол гранаталарын лақтыру, әуе нысаналары бойынша атысты жүргізу және түнгі көздеуіштерді пайдалана отырып, атысты жүргізу қарастырылады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи