Тәрбиеші офицерлер – әскери-патриоттық тәрбиенің қалыптасуына үлес қосушылар!

Тәрбиеші офицерлер – әскери-патриоттық тәрбиенің қалыптасуына үлес қосушылар!

44841 әскери бөлімнің мәдени бос уақыт орталығының бастығы капитан Карикенов Талғат Маратұлын атаулы мерекесімен құттықтаймыз

1993 жылы 19 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан армиясында командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларының институты құрылған еді. Сол уақыттан бастап, яғни 26 жылдың ішінде тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлермен бірлесе отырып әскери ұжымдағы моральдық адамгершілік ахуалдың жағдайын жақсарту, әскери қызметтің беделін арттыру, жеке құрамның абыройы мен намысын қорғауды қамтамасыз ету, оған қоса әскери және құқықтық тәртіпті нығайту үшін барынша күш салып ауқымды жұмыстар атқарғаны анық.
Өзінің жылдар бойғы еңбегі мен көптеген жетістіктерінің арқасында Карикенов Талғат Маратұлы да қазіргі таңда елінің адал офицері болып саналады. Карикенов Т.М. 1972 жылы мамырдың 16 жұлдызында Алматы облысы Қапал ауданы Қапал ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Аталмыш ауылдан 1990 жылы Кеңес әскеріне шақырылып Германия Демократиялық Республикасында 1990 жылдан бастап-ақ өз өмірін әскери қызметпен байланыстырып, Отанына адал қымет етіп келеді. 1994-1997 жж Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес Сарыөзек кентінде орналасқан 97751 әскери бөлімінің коменданттық рота командирі болып тағайындалып, содан соң 1997 жылдан бастап сол аталған кентте 64049 әскери бөлімінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлімінің жастармен жұмыс істеу офицері болып тағайындалып, тәрбиеші офицері қызметін бастады. 2016 жылдың наурыз айында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысы, Приозерск қаласында орналасқан 44841 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі бөліміне мәдени бос уақыт орталығының бастығы болып тағайындалып, қазіргі уақытта осы лауазымда жұмыс істейді. Капитан Карикеновтың айтуынша: «Тәрбиеші офицерлер – өскелең жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптасуы бағытында алатын орны орасан» дейді.
Осы жұмысымен қатар шығармашылық бағытында да өз қырларын халыққа паш етіп, әріптестері мен қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп жүр. Талғат Маратұлы жез таңдай әнші, музыкант, суретші, 1990 жылдарда Мәскеу қаласында өткен III –Бүкілодақтық фестивалінің Лауреаты және Қазақстан Республикасының «Жасұлан» әскери-патриоттық фестивальдерінің бірнеше байқаулардың Лауреаты. Қазіргі уақытта «Мінсіз қызмет үшін» II-III дәрежесі, «Сағадат Нурмағамбетов» мерекелік медаль, «Талғат Бигельдинов» мерекелік медаль, «ҚРҚК Әуе қорғанысы күштеріне 20-жыл» мерекелік медальдарының иегері.
44841 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімі мен мәдени бос уақыт орталығының қызметкерлері капитан Карикенов Талғат Маратұлын төл мерекесімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына береке, бақыт, жұмысына табыс тілейміз.


44841 әскери бөлімінің
аз.қызметші, хореограф
Нурсейтова А.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи