Тәрбие-тал бесіктен

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындығының оқу-әдістемелік орталығы  17-22 қараша аралығында өткен «Мен чемпион» атты республикалық спорттық іс-шарада финалдық кезеңге өткен жастарға ҚР Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының әскери тіршілік әрекетімен танысу мақсатында саяхат ұйымдастырып, жүргізді.  

Ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты.

Түп негізі сонау арғы тарихымыздан нәр алатын ұлттық отаншылдық рухымызда, салт-дәстүрімізде жатыр. Отансүйгіштіктің арғы тамыры отаншылдық рухпен, ата-бабамыздың батырлық тарихи ерліктерімен, ұлттық тәрбиенің құндылықтарымен терең сабақтас.

Отаншылдық, патриотизм дегеніміз - әр азаматтың туған еліне қорған бола білуі, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімінен туатын ұлы ұғым.

Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы болған. «Отаншыл сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі? «Отан отбасынан басталады» дейтін халықтың ұрпағы бұл сенімнен шыға алып жүр ме? Қазіргі күні жас буынымыздың бойындағы отаншыл рух, патриоттық сезім қай деңгейде?» деген сауалдардың бізді ойландыруы заңдылық.

Бабамыздың қаны, анамыздың жасымен келген кең-байтақ жерімізге деген патриоттық сезім сөнбегенін қалайтын рухы биік азаматтарды тәрбиелеу – біздің қолымызда.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы да жастарға патриоттық тәрбие беру жұмысына белсене атсалысуда. Әскери жарғылар арқылы біз патриоттық сезімді оята аламыз. Әскери жарғылардың негізгі идеясыпатриотизм, әрбір жауынгердің Отанды қорғаудағы жауапкершілігі, әскери борышына, әскери антына шексіз берілгендігі. Әскери жарғылар барлығы бір мақсатқа бағытталған. Олардың мақсаты – әскер қатарында темірдей берік тәртіпті сақтау, жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеуді бір жүйеде жүргізу.

Сонымен қатар ҚР ҚМ Кадет корпусында кадеттерге патриоттық тәрбие беру жұмыстары дала шығысында да кеңінен жүргізіледі. Кадеттермен ұрыс техникаларын жүргізу және бар қару-жарақ түрлерінен атыс өткізу, дала шығысындағы практикалық дағдыларын бекіту арқылы да рух беріп, денсаулығын нығайтып, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра аламыз.

Әскери білім ордасымен танысудың негізгі мақсаты оқушыларды Отанға деген патриоттық сезімін арттыру және елжандылық қасиет пен әскери өмірге тәрбиелеу болып табылады.

Саяхат барысында, өскелең ұрпақт Кадет корпусының заманауи әскери техникасы, оқу-тәрбие базасымен және де спорт кешенімен танысып, әскери оқу орнына түсу туралы көптеген сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтер алды.

Әскери-патриоттық тәрбие жастардың бойында патриоттық сезім мен азаматтықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Ел боламын деген мемлекеттер ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға шығарған еді. Осыны санасына құйып өскен жас ертең өз Отанының нағыз патриоты болып шығатыны анық.

Кеудесіне “Бұл менің елім, менің жерім” дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. Ол үшін “баланы жастан” дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән туғызбайды.

Капитан Д. Сағадулла

 

ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства