«Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Алтын үкі – 2016» VIII халықаралық мергендік жұптар жарысы өтеді

2016 жылғы маусымның 20-сы мен 24-і аралығында Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында «Алтын үкі – 2016» VIII халықаралық мергендік жұптар жарысы өтеді.

Жарысқа әлемнің 7 елінен 19 команда қатысады. Олар – Қытай, Америка Құрама Штаттары, Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы, Ұлыбритания, Пәкістан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының күштік ведомствалары. Аталған жарысты Түркия мен Үндістан елдерінің өкілдері бақылайтын болады. Биылғы жылғы мергендік жұптар сайысының басты ерекшелігі барлық қатысушылардың өз қаруларымен келетіндігінде болып отыр. Дәлдеп атудың шеберлері 5 күн бойы түрлі қашықтыққа жылдам атудан, бүркемелену машықтары мен ойлы-қырлы жерлерді бағдарлаудан үздік атақ үшін күресетін болады. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы «Алтын үкі – 2015» жарысында Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері жеңімпаз атанып, алтын кубокты иеленді. Әр кезең жоғары деңгейдегі төзімділікті, күш-жігерді, сапалы командалық жұмыс пен әр қатысушының жақсы даярлығын талап етеді

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"