Солтүстік Қазақстан облысынан 200 шақырылушы ҚР Қарулы Күштерін толықтырады

Қазақстанда осы жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке 14 мыңнан аса қазақстандық шақырылуға жатады. Кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақырылу бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар.

Солтүстік Қазақстан облысында мерзімді әскери қызметке 600-ден аса жас азамат шақырылуға жатады. Олардың ішінде 200-дей шақырылушы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде, қалған 400 шақырылушы Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қызмет өткереді.   «Бүгінде әскери қызмет беделді және абыройлы болып саналады. Әскери қызметке түсуге ниет білдіретіндер саны өте көп. Әрбір бозбала Аэроұтқыр әскерлерінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Ұлттық ұлан мен Шекара қызметінде қызмет атқарғысы келеді.  Моральды және психологиялық тұрғыда дайындалған, денсаулығы мықты жастарды Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына шақыру бойынша міндеттер 2015 жылдың күзінде толық көлемде орындалды. Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру барысындағы негізгі міндет шақыруға нарядтың пропорционалды бөлінуін ескере отырып, эксаумақтық қағидат бойынша ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтау болып табылды», - деп Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Еркінбек Байболов атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдары сондай-ақ үміткерлерді келісімшарт бойынша әскери қызметке және Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді.  Қазіргі кезде келісімшарт негізіндегі қызметтің беделі күн сайын артып келеді. Келісімшарт бойынша әскери қызметке тарту бойынша түсіндірме және имидждік-насихаттау тұрғысындағы жұмыс оң нәтижелер беруде. Өскелең ұрпақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге қызығушылық танытып, ниет білдіруде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"