«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар ұйымдастырылды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар ұйымдастырылды.

Ол ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары, ҚР ҚК ҚӘ БҚ бұйрығымен бекітілген «Қауіпсіздік шаралары» нұсқаулығы, оқу нүктелерінде сабақтар жетекшілерінің жоспарларына сәйкес, жетекші құралдар мен нұсқаулардың негізінде жүзеге асты. Мақсаты – үйренушілерге әскерлерді дайындау және күнделікті әрекетті орындау кезінде қауіпсіздік шараларының талаптарын жеткізу, жетекші құжаттардың талаптарын және жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттерді жетілдіру, әрі әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен үйренушілердің қауіпсіздік шараларды қатаң сақтаудағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Сабақтар «Жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Атыс даярлығы бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Тактикалық дайындық бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Инженерлік дайындық бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Дене даярлығы бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы пайдалану мен парктік және парктік-шаруашылық күндері техникалық даярлық бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Әскери бөлімде шаруашылық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Далалық жағдайда жеке құрамды орналастыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Электр желілерінің құралдарымен жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Алғашқы медициналық жәрдемді көрсетудің тәртібі» тақырыбында болды. Барлығы 16 оқу орнында өтті. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"