Ш.Уәлиханов ескерткіші ашылды

20 қарашада ҚР Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында Ш.Уәлихановтың туғанына 183 жыл толуына орай салтанатты түрде  ескерткішін ашу рәсімі өткізілді.

Шоқан Уәлиханов –өз Отанының данышпан ұлы, қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол – қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф, зерттеуші, әскери офицер, өз халқының нағыз патриоты. Оның өмір жолы, елі үшін сіңірген адал қызметі бүгінде біздерге үлкен үлгі-өнеге. Ш.Уәлихановтың ескерткішін ашу рәсімі Щучинск қаласының әкімі Бегахмет Махметов мырза мен ҚР Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының бастығы Руслан Кабдулинов мырзаға жүктелді.

Шара Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының биылғы түлектерінің атынан ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасып, жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.

ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы 1996 жылы 1 шілдеде ҚР Президентінің жарлығымен құрылды. ҚР ҚМ 2000 жылғы 29 қарашадағы №310 бұйрығымен ҚР ҚМ Кадет корпусына Ш.Уәлихановтың аты берілді.

          Кадет корпусы – Қазақстан Республикасында сержанттық құрам лауазымына келісімшарт бойынша қызмет ететін, кіші командалық құрамның техникалық және кәсіби білім беру, кәсіби кадрлар бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асыратын әскери оқу орны. Оқыту бағдарламасы «Әскери істе кіші буын менеджменті» мамандығы бойынша кәсіби сержанттарды даярлауды қарастырады және «Мото атқыш бөлімшелерімен басқару» біліктілігін алады, бұл түлектерге өзінің жеке үлгісінде бағынысындағыларды оқытуға және тәрбиелеуге, әскери техника мен қару -жарақты қолдануға білікті пайдалануға мүмкіндік береді.

        

Капитан Д.Сағадулла

 

                              ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства