Щучинск қаласындағы әскери колледжде қорытынды аттестаттау аяқталды

Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің 187 түлегі аттестаттаудан өтіп, кәсіби жарамдылығын дәлелдеді. Олардың арасында 13 түлек үздік диплом иеленбек.

Аттестаттау барысында кадеттер дене дайындығы тұрғысынан жеткен жетістіктерін паш етті. Сондай-ақ олар әскери топографияны, тактикалық және атыс даярлығын қамтитын кешенді емтихандар тапсырып, БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының қару-жарағы мен әртүрлі қару түрлерінен ату дағдыларын көрсетті.
– Аттестаттау комиссиясы түлектерді даярлаудағы ортақ іске бар күшін салған командирлердің, сержанттардың, оқытушылардың, тәлімгерлер мен тәрбиешілердің екі жылдық қызметін қорытындылады десе болады. Бұл кадеттердің кәсіби қалыптасуының алғашқы кезеңі. Олар колледжде алған білімдері мен дағдыларын қызмет барысында табысты жүзеге асыратынына сенімдімін, –  деді әскери орнының бастығы полковник Ербол Нұржанов.
Биыл әскери колледжді 24-ші түлектер бітіріп отыр. Жас сержанттардың оқу бітіру салтанатына арналған рәсім 25 маусымда өтпек. Сол күні оларды Қарулы күштердің ардагерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, командирлер мен оқытушылар, туыстары мен достары құттықтайтын болады.
– Бұл біздің өміріміздегі өте маңызды сәт. Әрине, толқу да бар. Бұл жерде бізге көп нәрсе үйретті. Алдағы уақытта қызметімізге адал болуға бар күш-жігерімізді саламыз, – деді кадет Әлішер Әбілғалы.
Әскери колледжді бітірген түлектер еліміздің түрлі гарнизондарында кіші командалық құрам лауазымдарында әскери қызметтерін бастайды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"