«Сенімді айла-тәсіл» байқауы

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери байланысшылары «Сенімді айла-тәсіл» байқауында өздерінің шеберліктерін паш етті. Байқау бірнеше кезеңдерден тұрды, Атап айтқанда, «Мерген атқыш» - онда әскери қызметші барынша мүлт кетпей оқ ату бойынша бақылау жаттығуларын орындауы тиіс.

«Жылдамдық айла-тәсіл» - онда байқауға қатысушылар оқу сыныбында Морзе кодының автоматтық датчигінің көмегімен «нүктелер» мен «сызықшаларды» дысыбпен қағып алып, телефонхат қабылдады. «Сенімді тарату» атты келесі кезеңде әскерилер Морзе әліпбиінің кілтімен жұмыс жасай алу және түнгі уақытта қолшам арқылы шартты белгілерді тарату шеберліктерін көрсетті. Байқаудың ең соңғы кезеңі – «Кез келген тұрғыдағы байланыс» атауымен әскерилендірілген эстафета. Онда далалық жағдайларда байланыс орнату қажет болды. Аталған кезеңде әскери қызметшілерге кедергілер жолағын еңсеріп, ату жаттығуларын орындап, далалық телефон желісін орнатып, терең ор арқылы лақтырылған бөрене арқылы үш метрді артқа тастау қажет болды. Кезеңнен өту байланысшыға шарғымен, телефон аппаратымен, газтұтқышпен, арқадағы автоматпен тепе-теңдікті ұстап тұрумен ерекшеленді. Байланысшының жолындағы келесі сынақ желідегі тік жар болды. Байланысшыларға кәбілдің зақымдалған жерін жылдамырақ тауып, сымның ара жігін дұрыс жалғау үшін өздерінің шеберліктерін танытуға тура келді. Нормативті тек нұсқаулық бойынша ғана емес, сонымен бірге, уақытқа орындау қажет болды. Басты міндет – қарсыластың оқ атуы мен уландырғыш заттарға қарамастан, байланыспен қамтамасыз ету. Байқау қорытындысы бойынша конкурстың әртүрлі кезеңдерінде 16194 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Елдар Қарасаев, 32363 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері Нұрбақыт Жақсылық пен Вячеслав Таңатаров үздік нәтижелер көрсетті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"