Сарбаздар ант қабылдады

Сарбаздар ант қабылдады


Шымкент гарнизоны 35748 әскери бөлімінде жас сарбаздардың салтанатты Ант қабылдау рәсімі өтті.

Әскери жиынға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы басқармасы бастығының тәрбие жэне идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Айбек Жүсіпов, Шымкент қаласы әкімдігі, Түркістан облысы «Қарулы Күштер ардагерлері» Республикалық қоғамдық ұйымының мүшелері, жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Алғы сөзді бригада командирі полковник Асхат Абдуваитов бастап, өз сөзінде жас сарбаздарға сәттілік тілеп, «Отанға қызмет еткен ұл құл болмайтынын» айтты.

Сонымен қатар, аталмыш шараға қатысқан Шымкент қаласының әкімшілігі мен Түркістан облысы «Қарулы Күштер ардагерлерінің» мүшелері мерзімді қызметке өткен сарбаздарға ағалық ақ тілектерін білдірді. Жас сарбаздардың ата-аналары өз ойларымен бөлісіп, ұлдарының қуанышына ортақтаса отырып, болашақтарына зор сеніммен қарайтынын жеткізіп, әскери бөлім басшысына және қызметкерлеріне тәртіп пен тыныштықты сақтаудағы еткен еңбектері үшін алғыстарын жаудырды.

Ант қабылдау рәсімі сарбаздардың салтанатты саптық шеруімен, қарулы жекпе-жекті сайысымен, атыс жүргізу тәсілдерін көрсетуімен жалғасын тапты.

Әскери бөлім оркестрінің дайындаған мерекелік ән тартуы мен жас сарбаздардың әскери тәсілді қойылымдары келген қонақтарды тәнті етті.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства