ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының барысын тексерді

ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының барысын тексерді

Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының шешуші кезеңінің барысымен танысты.

Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» полигонында Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Азамат Әбдімомынмен бірлесе дағдарыс ауданында заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау және жою бойынша бригадалық тактикалық топтың тактикалық іс-қимылдарын бақылады. Оқу-жаттығу полигондарының жабдығы мен инфрақұрылымын тексеріп, сондай-ақ оқу-жаттығудың жетекшісі генерал-лейтенант Мұрат Майкеевті әскерлердің оқытылу нәтижелері туралы тыңдады.

 Алматы облысының «Көктал» полигонында Қорғаныс министріне ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов жолы қиы жерде заңсыз қарулы құралымдарды Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерінің жоюы жауынгерлік эпизоды ұсынылды. Жұмыс сапарының нәтижелері бойынша қорғаныс ведомствосының басшысы «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы Қарулы Күштерді дамыту және қолдану аясында жауынгерлік даярлықты ұдайы жетілдірудің, сондай-ақ армияның еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға әзірлігінің көрсеткішіне айналды. Одан басқа, оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі оқу-жаттығу басшылығына нақты тапсырмалар берді.

 ҚР Қарулы Күштерінде 12 қыркүйектен бастап «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Оған 10 мыңға жуық әскери қызметші, 1500 бірліктен аса жауынгерлік техника, 40-тан аса ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің корабльдері қатысты. Аталмыш оқу-жаттығудың ерекшеліктері Қарулы Күштердің барлық түрлері, әскер тектері, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдерінің өзара іс-қимылы, сондай-ақ әскери барлау күштері мен құралдарын тексеру болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП