ҚР ҚМ Әскери институтында ТМД әскери жоғары оқу орындары курсанттарының халықаралық олимпиадасы өтеді

ҚР ҚМ Әскери институтында ТМД әскери жоғары оқу орындары курсанттарының халықаралық олимпиадасы өтеді
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында математика бойынша ТМД қатысушы мемлекеттер жоғары әскери оқу орындары курсанттарының ІІІ Халықаралық олимпиадасы өтеді.

Сәуірдің 10-ы мен 13-і аралығында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстанның командалары зияткерлік сайысқа қатысады. Командалар негізгі кәсіби дайындықтың білім беру бағдарламалары жалпы көлемі 396 академиялық сағатты құрайтын базалық математикалық пәндерді зерделеуді қарастыратын курсанттар санын құрылды. Олимпиадада Қазақстанның намысын Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары қорғайтын болады. Олар дайындықты жалғастыруда және жүлделі орындарға ие болуға ниеттеніп отыр.

 Азаматтық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар, сондай-ақ, бейінді ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері санынан құралған математика саласындағы тәжірибелі мамандар қатысушыларды бағалайтын болады. Әділқазылар алқасы ретінде олимпиадаға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ақпараттық және есептеуіш технологиялары институты, Халықаралық ақпараттық технологиялар универсиетті, Сүлейман Демирель атындағы университетінің өкілдері шақырылды.

Биылғы жылы жоғары әскери оқу орындарының ІІІ Халықаралық олимпиадасы бүгінгі таңда халықаралық сенімділікті арттыру, достастық қарым-қатынасты дамыту және ғылыми-білім беру тәжірибесімен алмасудың берік қалқаны болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің құрылуының 25 жылдығына арналғанын айта кеткен жөн. Математикадан басқа, олимпиада бағдарламасы әскери тарих, шетел тілі, әскери кәсіби дайындық және информатика сияқты пәндерді қамтиды. Әрбір пәндер бойынша олимпиадалар жеке Ресей мен Қазақстанның әртүрлі әскери оқу орындарында өтеді. Еліміздің әскери жоғары оқу орындарының намысын зияткерлік додада Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері Әскери институттары мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының үздік курсанттары қорғайтын болады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений