ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Әскери институтында курсанттардың далалық шығуы аяқталды

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Әскери институтында курсанттардың далалық шығуы аяқталды

ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында бір апта бойы 3-курс курсанттары жаяу әскердеің жауынгерлік машиналары (ЖӘЖМ) және атыс қаруының әртүрлі түрлерінен бақылау атыстарының жаттығуларын орындады.

ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында Сабақтардың ұйымдастырылуының негізгі мақсаты іс жүзінде курсанттардың алған теориялық білімдерін бекіту, әскери техниканы зерделеу, үйренушілердің тактикалық, атыс және әдістемелік машықтарын арттыру, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізу кезінде олардың дағдыларын жетілдіру болып табылады. «Барлық сабақтардан кейін біз ЖӘЖМ-1, ЖӘЖМ-2, БТР-70 ұрыс машиналарын жүргізу бойынша сынақ тапсырдық. Практикалық сабақтар барысында біз бақылау атыстарын орындау, ұрыс машиналарын жүргізу, бойынша қажетті машықты меңгердік. Барлығы жақсы нәтижелер көрсетті. Бізге қойылған тапсырма орындалды», - деді 3-курс курсанты Шешхан Оразбай.
Полигондағы барлық практикалық сабақтар далалық жағдайларда тыныс-тіршіліктің ерекшеліктері бойынша нұсқама өтуден, әрбір курсанттың қаруды пайдалану кезіндеқауіпсіздік шараларының талаптарын сақтаудан басталатынын айта кету қажет.
«Мұндай сабақтардың өткізілуі офицерлерді дайындаудың маңызды элементі болып табылады. Себебі, барлық шешімдерді кіші командирлер қабыладйды. Бұл оларды жауапкершілік сезімге жетелейді. Соңғы жылдары Әскери институттың Құрлық әскерлерінің иелігіне берілгеннен кейін практикалық сабақтардың саны елеулі ұлғайғанын атап өткім келеді. Далалық шығулар – бұл оның бір бөлігі ғана. Болашақ офицерлерді даярлаудағы мұндай көзқарас тиімді болып табылатынына сеніммен айта аламын. Аталмыш сабақтар болашақ офицерлерге іс жүзінде барлық қажетті машықты пысықтауға, білім мен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР ҚК ҚӘ ӘИ материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушысы капитан Нұрлан Сапаров.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана