19132 әскери бөлімінің әскери қызметшілері дағды мен біліктіліктің жоғары деңгейін растады. Өздерінің шеберліктерін ұшқыштар ЕС-145 отандық тікұшағында жауынгерлік даярлықты арттыру бойынша жиындарда паш етті.
«Аталмыш тікұшақ іздестіру-құтқару, басшылық құрамды тасымалдау, сондай-ақ десанттық-көліктік тасымалдау жұмыстарын орындайды. Ұшудың барынша биіктігі 5 000 метр», - деді ЕС-145 экипажының командирі лейтенант Дмитрий Якунев. Әскери ұшқыштар әлемдегі ең заманауи тікұшақтардың бірі ЕС-145 тікұшағында ұшты. ЕС-145 қазақстандық «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» зауытында құрастырылған. Бұл зауыттың өнімі «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде ұсынылатын болады. Тікұшақ барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Шуыл деңгейі төмен, жоғары жылдамдық сипаттамасына ие. «Бөліміміздегі оқу-жаттықтыру ұшулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл аптасына күндізгі және түнгі 3-4 ұшу ауысымы. Әскери қызметшілердің әуедегі орташа уақыты 5 сағатты құрайды. Жауынгерлік тапсырмаларды арттыру бойынша ұшу уақыты 8 сағатқа жетуі мүмкін», - деді авиациялық эскадрилья авиациялық буынының аға ұшқышы (19132 әскери бөлімі армиялық авиацияның) капитан Алексей Аляев. Әскери авиация ұшқыштарының жұмысы адамның еңбек қызметінің анағұрлым күрделі түрлерінің біріне жатқызылады. Негізгі күрделілік – ол көрінушілік. Тікұшақтарымыз кез келген метеожағдайларда, тәуліктің күндізгі және түнгі уақытында ұшуға арналған. Мұндай оқу-жаттықтыру ұшулары әскери ұшқыштардың жауынгерлік және ұшу даярлығы жоғары деңгейде екендігінің тағы бір дәлелі. ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері барлық қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындайды және сыныптылықтарын арттырады.