ҚР ҚК-нің әйел әскери қызметшілері КАМАЗ көлігін жүргізді

Алғаш рет 83205 әскери бөлімінің базасында КАМАЗ автомобильді техниканы жүргізу бойынша сабақтар өткізілуде. Негізгі мақсаты – ол әйел әскери қызметшілердің штаттан тыс жағдайларда автомобильді басқаруы болып табылады. Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес айына бір рет теориялық сабақтар практикалық сабақтарға ауысады.

«Осы жылдан бастап әйел әскери қызметшілерге КАМАЗ автомобильді техникасын жүргізу бойынша сабақтар өтіп жатыр. Сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық даярлық, атыс және оқ ату даярлығы бойынша сабақтар және тактикалық дәрістер өткізіледі. Әрбір әскери қызметші жынысына қарамастан, жауынгерлік техниканы жүргізе алуы тиіс. Әйел әскери қызметшілер ерлермен қатар барлық практикалық сабақтарды орынадайды. Бұл жауынгерлік іс-қимылдар жағдайында әйел ұрыс техникасында қозғалысты жалғастыра алуы үшін қажет», - деді 83205 ә/б командирі полковник Айдар Абдрахман. Бүгінде әйел әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы оң деп бағалануда. Олар физикалық тұрғыда дайындалған және ерлермен бірге жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеруде. КАМАЗ-дардың тізгінін ұстау оның үстіне, арулар үшін ең күрделі болып саналады. 83205 әскери бөлімінің әйел әскери қызметшілері өздерінің практикалық машықтары мен жауынгерлік даярлықтарын көрсетіп, растады.  «Қарулы Күштерде мен 13 жыл қызмет атқарып жүрмін. Күн сайын бізде жауынгерлік әзірлікті арттыру бойынша сабақтар өткізіледі. Жаңа жылдан бастап біз КАМАЗ жауынгерлік техникасын жүргізуді үйрене бастадық. Ең басында қиын болды. Біз саз-балшықты жерде жүргіздік, бірақ, мен тез игеріп алдым және маған өте ұнайды. Менің ойымша, әскерде әрбір әскери қызметші ұрыс техникасын жүргізе алуы тиіс», - деді 83205 ә/б әскери қызметшісі аға лейтенант Гүлден Әлиева. Әйел әскери қызметшілер ерлермен қатар барлық жүктелген тапсырмаларды орындайтынын айта кетейік. Олардың батылдығы мен жауынгерлік даярлықтарын көрсету үшін Қарулы Күштерде осымен екінші рет «Батыр арулар» байқауы өткізіліп жатыр. Бұл байқауда сыртқы келбеттен басқа, дене даярлығы, шыдамдылық және қойылған тапсырмаларды орындау әзірлігі бағаланады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"