ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

ҚР ҚК әскери қызметшісі "Достастық жауынгері" атанды

ҚР ҚК әскери қызметшісі "Достастық жауынгері" атанды

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі «Достастық жауынгері» байқауының жеңімпазы атанды Беларусь Республикасында «Достастық жауынгері» достастық армиялары әскери қызметшілерінің әскери-кәсіби шеберлігі халықаралық байқауы өз мәресіне жетті.

Онда аға сержант Орынбек Сәндібеков байқаудың бас номинациясында жеңіске жетті.  Қызу тартыс барысында «Достастық жауынгерінің» бас номинациясын байқау қатысушылары арасында үздік нәтижелер көрсетіп, аға сержант Орынбек Сәндібеков бас атылымды жеңіп алды. Бұл байқауда аға сержант Орынбек Сәндібеков 2015 жылы Қазақстан аумағында жеңіп алған чемпиондық титулын қайтарып алғанын және «Достастық жауынгері» сайысының екі дүркін жеңімпазы атанғанын айта кету қажет.

Конкурс «Эрудит», «Мерген», «Атлет», «Кәсіпқой» және «Кавалер/Бикеш» кезеңдерінен тұрды.

 «Эрудит» кезеңінде 85510 әскери бөлімінің телефонисті кіші сержант Л.Н. Губарева мүмкін 100 балдың ішінен
80 балды жинап, әйел әскери қызметшілердің арасында екінші орынды иеленді. Бұл кезеңде қатысушылар Ұлы Отан соғысы, ҰОС кезіндегі қару-жарақтар мен әскери техниканың тактикалық-техникалық қасиеттері, ҰОС батырлары мен маршалдары, батыр қалалары, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық құқық туралы тесттен өту қажет болды.

61993 әскери бөлімінің десанттық-шабуылдаушы взводының аға сержант О. Ермеков ер әскери қызметшілерінің арасындағы оқ ату даярлығы бойынша үздік атқыш атанды. Аталған сайыста қатысушыларға, әр қалыпта 5 оқтан атып, түрлі қалыптардан (тұрып, тізерлеп, жатып) барынша көп ұпай жинау қажет болды. Аға сержант Ермеков мүмкін 150 ұпайдың ішінен ең көп 133 ұпайды алды.

«Атлет» әскери-спорттық кезеңінде 21450 әскери бөлімінің мотоатқыштар ротасының аға сержанты А. Байдаулетов барлық жылдамдық және күштік жаттығулардан үздік көрсеткіштер көрсетіп, ерлер арасында бірінші орынды иеленді. Бұл бөлім 5 жаттығудан тұрды: 100 метрге жүгіру, қол гранатасын қашықтыққа лақтыру, кедергілер жолағынан өту, ерлерге белтемірге тартылу, әйелдерге жату қалпында қолды бүгу және қайта жазу, сондай-ақ алыс қашықтықтарға жүгіру.

97616 әскери бөлімінің батарея сержанты аға сержант О. Сандыбеков ауыр кедергілер жолағын 7 минут 26 секунд уақытта өтіп, ең көріністі «Кәсіпқой» әскери-кәсіби кезеңінде жеңімпаз атанды. Кедергілер жолағынан өту кезінде қатысушылар түрлі әскери-қолданбалы жаттығуларды, жауынгерлік даярлық бойынша нормативтерді және әр түрлі қашықтыққа оқ атуды орындады.

«Кавалер/Бикеш» шығармашылық кезеңінде «Тәуелсіз Қазақстан» әнін орындап екінші орын иеленген аға сержант О. Сандыбеков белорустық конкурсантқа жол берді.

Осылайша, біздің әскери қызметшілер жоғары кәсіби даярлық, жігерлік және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетіп бес кезеңнің ішінен үш кезеңде жеңімпаз атанды.

Жалпы командалық есепте жинаған балдары бойынша қазақстандық команда сайыс иегерлерінен 4 балға қалып, ал Ресей Федерациясының (25 балл) және Армения Республикасының (90 балл) командаларына айтарлықтай басымдылық көрсетіп, екінші орынды иеленді.

ҚР ҚК бас сержанты шебер-сержант Т. Халықов «Біздің әскери қызметшілер жоғары даярлық деңгейімен және жеңіске деген ұмтылыстарымен ерекшеленді. Бірінші күннен бастап Белорусь командасы бізге басты қарсылас болды. Соңғы сәтке дейін жинаған ұпайлардың саны бойынша біз бір деңгейде келдік. Сонымен қатар біздің қатысушылар конкурстың «Атлет», «Кәсіпқой», «Мерген» үш негізгі кезеңін жеңіп алды. Өкінішке қарй, ақырғы күні «Кавалер/Бикеш» шығармашылық кезеңінде қазылар алқасы бірінші орынды белорусиялық қатысушыға беруді дұрыс деп шешіп, олар 4 бал озып шықты. Сонымен қатар, басқа елдердің қарулы күштерінің өкілдері қазақстандық әскери қызметшілердің өте мықты екендігін мойындайды. Бұған 2009 жылдан бері келе жатқан конкурстардың нәтижелерін көру арқылы көз жеткізуге болады» – деп атап өтті.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?