ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Стокгольм қаласындағы Армия музейінің көрмесі ашылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-иарихи музейінде әлемдік деңгейдегі Стокгольм қаласындағы Армия музейінің «Өмір мен өлім арасындағы заттар» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов тарихи музейдің мән-маңызына тоқталып, швециялық әріптестеріне тамаша көрме ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. 
Өз кезегінде ҚК Әскер-тарихи музейінің директоры Перизат Ақселеуқызы Өтепова өзі басқарып отырған музейдің мақсаты туралы тоқтала келіп, ондағы тарихи құнды жәдігерлердің жас ұрпаққа өткенді ұмыттырмай, патриоттық, ерлік сезім дарытатынын айтты. Сондай-ақ, «Өмір мен өлім арасындағы заттар» көрмесінің ашылуы өздері үшін тәжірибе алмасуда көрнекті рөл атқаратынын жеткізіп, швециялық музей қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Аталған көрме 2010 жылы Стокгольм қаласында ашылып, сол жылдың үздік эстетикалық жобасы ретінде «Алтын витрина» жүлдесіне ие болған. Сонымен қатар Швеция, Норвегия, Бельгия, Польша, Беларусь және Эстония мемлекеттерінде кеңінен танылған. Бүгінгі таңда жылжмалы Армия музейі әлемдік деңгейдегі үздік жоба қатарында. 
Көрменің өз ерекшелігі бар. Онда қару-жарақтар жоқ. Көрмеге келген адам күнделікті тұрмыста қолданылатын жай заттарды тамашалағандай әсерде болады. Бірақ, оған нақтап үңілген адам соғыс жылдарындағы жанұясынан алыста жүрген адам үшін ең қымбатты заттарды көре алады.
Жалпы көрмеге 522 жәдігер қойылған. Ол биылғы жылдың 15 қазанына дейін жалғасады. Көрменің ашылу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің басшылары, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлері, Армия музейінің директоры Ева-Софи Эрнестелл және Швецияның Қазақстандағы төтенше және Өкілетті елшісі бастаған өзге де дипломатиялық өкілдік қызметкерлері қатысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"