ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі көп пәтерлі үйде орын алған өрттің алдын алды

Тараздағы 22534 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Қазыбек Махимов қаланың көп пәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде болған өрттің алдын алды.

Қызметтен кейін үйге қарай оралып келе жатқан кезде әскери қызметші тұрғын үй кешенінің үшінші қабатында түтін шығып жатқанын байқайды. Дереу өрт қызметін шақырып, Қазыбек Махимов өртті сөндіруге кіріседі. «Пәтердегі есік жабық болғандықтан мен төртінші қабатқа жүгіріп кеттім, - дейді Қазыбек.

- Көрші-қолаң арқан беріп көмектесті. Сол арқанның көмегімен мен өрт шалған пәтердің балконына түстім. Үйде тұрғындар болған жоқ. Жуынатын бөлмеден су алып, өртті сөндіре бастадым».  Өрт қызметі келгенше әскери қызметші өрттің таралып кетуін болдырмау үшін қолынан келгеннің барлығын жасады.

 Оқиға орнына келген өрт қызметінің бригадасы әскери қызметшінің уақтылы және сауатты іс-әрекетін атап өтіп, көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"