ҚР Қарулы күштері АҚШ-тың әскери қызметшілерімен тәжірибе алмасуда

Қазақстанның әскери қызметшілері АҚШ-тың Қарулы Күштері мен Аризона штатының Ұлттық ұланын резервшілермен жасақтау жүйесін зерделеуде. Осы мақсатта қазақстандық әскери қызметшілер делегациясы қазіргі уақытта Финикс қаласында (Аризона штаты, АҚШ) сапарда жүр.

Қазақстан Қарулы Күштерінің делегациясы американдық әріптестермен резервшілердің жеке құрамын іріктеу, шақыру және ұстап қалу мәселелерін талқылауға ниетті. Қосымша офицерлік және сержанттар құрамына арналған аталған іс-шараларды өткізудің негізгі айырмашылығы қаралады. Мамандардың айтуынша, Қазақстан мен АҚШ-қа осындай тәжірибе алмасу пайдалы. Аталған бағытта қолданылып жүрген және өзінің тиімділігін көрсеткен екі елдің де өз әдістемелері бар. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында запастағы офицерлер азаматтық жоғары оқу орындары жанында әскерден тыс дайындық курстарында оқып-үйренеді. Оқыту мерзімі екі және төрт жылдық курстар университеттер мен колледждердің студенттері санынан резервтегі офицерлерді даярлау үшін арналған. Сонымен бірге, әзірлік деңгейі және жұмылдыру шарттары бойынша Қарулы Күштер резервісінің бөлінуі бар. Оның ішінде, мерзімді жауынгерлік даярлықтан өтетін бірінші кезектің резервісі бар. Осы санаттағы азаматтарға ақшалай ұсталым төлене отырып, кезекті әскери атақ беріледі. Олар сабақтар мен лагерлік жиындарға қатысады. Екінші және үшінші кезектегі резервшілер міндетті жауынгерлік даярлықтан өтпейді және есепте тұрады. Сондай-ақ, қазақстандық армияда ұдайы негізде резервте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізіледі. Олардың есепке алынуы жүргізіліп, далалық жиындар ұйымдастырылады. Одан басқа, ҚР Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған мекемелерінде еліміздің Қарулы Күштері үшін әскери оқытылған резервті дайындау жүзеге асырылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"