Қорғаныс министрі Кадет корпусына барды

Қорғаныс министрі Кадет корпусына барды

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының оқу-материалдық базасымен танысты.

Оқу орнына баруы барысында Қорғаныс министріне оқу және ғылыми база, әскери техниканың үлгілері, спорт кешені, мұражай және кадеттердің тұрмыстық жағдайы көрсетілді. Қорғаныс министрлігінің басшылығы сержанттар құрамын дайындау мен дамытуға айрықша назар аударатынын айта кету қажет.

Бүгінде Кадет корпусы кәсіби сержанттарды дайындаудың негізгі орталығы болып табылады. Арнайы бағдарлама шеңберінде Қарулы Күштерде және өзге де әлеуетті құрылымдарда сержанттар лауазымында келісімшарт бойынша қызмет өткеріп жатқан кіші командалық құрамның кәсіби кадрларын дайындау жүргізілуде. Сондай-ақ Щучьеде болуы барысында ҚР Қорғаныс министрі Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының «Ботагөз» спорт базасына барды. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи