Қорғаныс министрі Алматы облысында орналасқан құрамалар мен бөлімдерге барды

Қорғаныс министрі Алматы облысында орналасқан құрамалар мен бөлімдерге барды

Қырғыз Республикасына жұмыс сапары қорытындысы бойынша әскери ведомство басшысыгенерал-майор Н. Ермекбаев Талдықорған гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдерін тексерді.  

Жұмыс сапары кезінде Қорғаныс министрі қару-жарақ пен әскери техниканың сақталу тәртібі және шарттарымен, оқу-материалдық базаның жай-күйімен және әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасыз етілу мәселелерінің іске асырылуымен танысты, сондай-ақ инфрақұрылым мен техникалық аймақ нысандарын аралап шықты. Талдықорған қаласы Әуе қорғанысы күштерінің авиабазасында жауынгерлік кезекшілікті атқаратын авиациялық техникамен танысты. Десанттық-шабуылдау бригадасында әскери ведомство басшысы жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардың барысын, оқу-материалдық базаның жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуы шарттарын, сондай-ақ бөлімшелердің орналасу тәртібін тексерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен кездесті.   Сапар барысында әскери нысандардың терроризмге қарсы қорғалуына және әртүрлі ауа райы жағдайында жауынгерлік техниканың пайдаланылу әзірлігіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ жауынгерлік әзірлік, техника мен қару-жарақтың, құқық тәртібі мен әскери тәртіптің жай-күйі мәселелері бойынша лауазымды адамдардың баяндамалары тыңдалды. Өңірдегі жұмыс қорытындысы бойынша қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда жауынгерлік іс-қимылдардың сипаты мен жүргізілу әдістерінің өзгеруін ескере отырып, жауынгерлік даярлықты жетілдіру,  ұшу машығын арттыру, сондай-ақ алдағы оқу кезеңіне қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын қамтамасыз ету бойынша  әскери бөлімдердің қолбасшылығына нақты тапсырмалар берді. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи