Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери басқару органдарының дайындық деңгейін тексеруде

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери басқару органдарының дайындық деңгейін тексеруде
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Әскери басқару органдарының дайындық деңгейін анықтау мақсатында ҚР ҚК Бас штабы өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшыларының басқармаларын тексеру мақсатында жедел лездеме өткізілді.

Жедел лездеме әскери өнерді дамыту үрдісі және заманауи қарулы жанжалдар тәжірибесі ескеріле отырып, әзірленді. Өзектілігі заманауи жағдайда оны ұйымдастыру мен өткізудің жаңа анағұрлым үлгілері мен тәсілдерін қажет ететін офицерлер мен штабтарды жедел дайындаудың күрт ұлғайып жатқан мағынасымен негізделген.

Мұндай жұмыс пішімінің ерекшелігі барша оқып-үйренушілерге бірыңғай жағдайда әртүрлі шешім әзірлеуге мүмкіндік болып табылады. Жедел лездеме барысында басқару пункттері арасындағы жауынгерлік және графикалық құжаттар әскерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы электронды пішімде таратылды. Осылайша, қолбасшылардың шешімді уақтылы қабылдауы және шынайы уақыт ауқымында бағынысты басқару органдарына тапсырмалар беру жеделдігі қамтамасыз етілді. Өңірлік қолбасшылықтармен өткізілген жедел лездеме қорытындысы бойынша арнайы әскери операцияларды ұйымдастыру бойынша жедел штабтардың жұмыс үйлесімділігінде оң динамика байқалады. 

«Астана» өңірлік қолбасшылығы үздік деп танылса, «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары сәйкесінше екінші және үшінші орындарға жайғасты. Сонымен бірге, ерекше назар аударуға қажет келелі мәселелер айқындалды. Өңірлік қолбасшылық әскерлері, әскер тектері қолбасшыларының кәсіби дағдыларын және әскери басқару органдарының үйлесімділігін арттыру мақсатында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы мұндай жедел лездемелерді әскери басқару органдарын дайындау әдістемесін ұдайы жетілдіруге қол жеткізе отырып, жылдың соңында қорытынды шығара отырып, ай сайын өткізу туралы тапсырма берді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП