ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қазақстанның әскери қызметшілері Беларусь Республикасындағы «Достастық жауынгері» байқауының екі кезеңінен сәтті өтті

Қазақстанның әскери қызметшілері Беларусь Республикасындағы «Достастық жауынгері» байқауының екі кезеңінен сәтті өтті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қазақстанның командасы «Білімдар» және «Мерген» сайысының екі кезеңіне қатысты.

Онда әскери қызметшілеріміз жоғары дайындықтарын паш етіп, жүлделі орындарды еншіледі. Командамыздың құрамына 4 әскери қызметші кіреді. Олардың ішінде 1 әйел әскери қызметші. Бірінші кезеңде байқау қатысушыларына Ұлы Отан соғысының тарихы мен халықаралық гуманитарлық құқықты білу бойынша зияткерлік сынақтан өтуге тура келді. Онда командамыз 2-орынды иеленді. Әртүрлі қалыпта оқ ату бойынша сайыстың екінші кезеңінде қазақстандық әскери қызметшілер сөзсіз жеңіс тұғырынан көрінді. Байқау қатысушыларына тағы да 3 ең күрделі әрі көзтартар сынақтан өтуге тура келеді. Атап айтқанда, «Атлет» дене даярлығы кезеңі, «Кәсіпқой» әскери шеберлік сайысы және «Кавалер/Ханша» шығармашылық кезеңі. «Достастық жауынгері» байқауы 2017 жылғы 5 тамызға дейін жалғасады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"