Қазақстандықтар халықаралық мергендер сайысында үздік үштікке енді

Америка Құрама Штаттарындағы Солтүстік Каролина қаласының «Форт Брэтт» әскери базасында АҚШ ҚК Арнайы операциялар күштері мергендер жұбының 7-ші жыл сайынғы сайысы өтті.

Аустралия, Германия, Голландия, Ирландия, Қазақстан, Сингапур және АҚШ-тың 25 қатысушы командасы арасындағы ең мірлі атқыштар анықталды.  Бір аптада қатысушылар дәл оқ атудағы машықтарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге белгіленген ауданға әрі қарай шыға отырып, жергілікті жерде бағдарлау жылдамдығын, түзетулердің есебін жүргізу үшін су жаңа аспаптарды  пайдалану шеберлігін, сондай-ақ күндіз және түнде таңсық жерде жауынгерлік тапсырмаларды орындау шеберлігін де паш етті. Қазақстандықтардың айтуы бойынша мұндай жарыстарға қатысу үйреншікті емес сазды-орманды жерде жұмыс жасауға мәжбүр болғанымызды ескере отырып, дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бейресми халықаралық сынақта АҚШ-тың мергендері бірінші орын, Германияның атқыштары екінші орын,  қазақстандық жұп үшінші орынды еншіледі. Сонымен қатар «Форт Брэтт» базасындағы сайыс жабық болып саналатынын және қазақстандық әскери қызметшілер, қатысушылар арасында құрметті миссия екенін айта кеткен жөн.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"