ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қазақстандық журналистерге арналған семинар өтуде

Қазақстандық журналистерге арналған семинар өтуде

21-ші маусым күні ҚР Қорғаныс министрлігінің экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинары басталды.

Экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинары ҚР Қорғаныс министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған бесінші семинары. Ол Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында өтіп жатыр. «Әскери дискурс» практикалық семинары қазақстандық журналистерді қарулы қақтығыс аймағы мен экстремалды жағдайларда қазақстандық журналистерді жұмыс жасауға, сондай-ақ лаңкестік актілерді жариялауға оқытып-үйрету үшін ұйымдастырылды.

Үш күн бойы ҚР Қарулы Күштерінің тәжірибелі әскери нұсқаушылары теория және іс жүзінде журналистерді әскери іс-қимылдар ошағында, экстремалды жағдайларда жұмыс жасауға және бұл ретте сапалы ақпараттық материалды қалай дайындау керек екендігі туралы үйретеді. Бұл жолы семинарда қалалық жағдайларда, жаппай іс-шаралар мен акцияларда жауынгерлік іс-қимылдар барысында журналистердің практикалық іс-қимылдары пысықталатын болады. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"