Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталады

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың желтоқсан айында еліміздің Қарулы Күштерінде әскердің жауынгерлік әзірлігі мәселесіне орай саптық-тактикалық оқу өтетін болады.

Аталмыш оқу-жаттығу «оңайдан қиынға» деген қағида аясында өтпек. Яғни, Қарулы Күштеріміздің барлық әскер тектерінде жауынгерлік даярлық бойынша қатардағы жауынгерден бастап генералға дейін, барлық деңгейдегі штабтар сараланатын болады. Сондай-ақ, әскери техникалардың ұрыс қабілеті мен оны қолдану әдіс-тәсілдері де сыналады. Ал, ҚР ҚК әскери қызметшілері іс жүзінде өздерінің жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруға қатысты шеберліктерін, әскери бөлімдерді басару қабілеттерін көрсетпек. Саптық-тактикалық оқу алдымен взводтарда, одан кейін жоғарғы сатыларда өтеді.
Осы орайда  айта кетер жайт, 2018 жылғы жаңа оқу жылы «Ұлы дала әскері – Мәңгілік ел тірегі!» деген ұранмен өтетін болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"