Қазақстан ғарышкерлері Минскіге барып қайтты

Қазақстан ғарышкерлері Минскіге барып қайтты

Қазақстан ғарышкерлері  Ғарышқа ұшуға қатысушылар қауымдастығының (ҒҰҚҚ) 31-халықаралық конгресінің жұмысына барды. Ғарышкерлердің дәстүрлі форумына Беларусияның астанасына 17 елден 80 ғарышкер қатысты.

Форум жұмысының бірінші күні Минскте Беларусияда туған үш ғарышкер -  Петр Климукқа, Владимир Коваленкоға, Олег Новицкийге арналған естелік белгіні ашу салтанаты өтті. 

«Біз болашақ ғарышты құрамыз» деген Конгрестің негізгі тақырыбы әлемдегі ғарыштық зерттеулерді талқылауға арналды. Конгрестің үлкен бағдарламасы техникалық, бизнес сесияларды, пікірлермен нақты алмасуды, белорус мектептеріне, университеттеріне, Ұлттық ғылым академиясының институттарына  барып шығуды қамтиды. Форумның соңында конгресс қатысушылары Ботаникалық бақта Ғарышкерлер аллеясының негізін қалады. Сондай-ақ, қонақтар үшін Беларусьтің белгілі жерлеріне экскурсиялар мен мәдени бағдарлама ұйымдастырылады. 

Қазақстан ғарышкері, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті Айдын Аимбетов «Қазақпарат» ХАА тілшісіне ғарыштық конгресс шеңберінде әртүрлі елдерден келген әріптестермен, сондай-ақ елде ғарыш қызметін  дамыту бойынша негізгі жұмыс жүргізетін Беларусь Ұлттық ғылым академиясының өкілдерімен ынтымақтастық жөнінде бірқатар іскерлік кезедесулер өткізетінін хабарлады. 

Ғарышқа ұшуға қатысушылар қауымдастығы – көптеген елдердің ғарышкерлерін біріктіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Ол 

1985 жылы ұшқышпен ұшатын ғарыштық ұшулар саласындағы тәжірибемен алмасу үшін құрылды. ҒҰҚҚ халықаралық конгресі жыл сайын ғарышкерлерді, сондай-ақ,  ғылыми-зерттеу мекемелерінің және ұлттық ғарыш агенттіктердің өкілдерін  жинайды.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства