Қауіпсіз жол

Қауіпсіз жол

Сәуір айында 36739 әскери бөлімінің жеке құрамында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол»  айлығы аясында Алматы өнірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының әскери-автомобиль полициясы бөлімінің инспектор офицері әділет капитаны Вахидин  Абайдуллаевтың қатысуымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптары және жол қозғалысының ережелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.  

Іс-шара барысында жол ережелері, жол қозғалысы кезінде құқық бұзушылыққа алып келетін әртүрлі себептердің алдын-алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар жол- көлік оқиғасы кезінде көрсетілетін бірінші медициналық көмек және бірінші кезектегі іс-қимылдар тәртібі жеке құрамға түсіндіріп, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

         Осы орайда ҚР Қарулы Күштерінде мемлекеттік органдармен бірлесіп жасалатын осындай насихаттау жұмыстары жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізуде.

 

Подполковник Бақытжан Өмірбеков

36739 әскери бөлім командирінің

(ТжИЖ жөніндегі) орынбасары

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи