Қарулы Күштерде әскерлердің жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар жалғасуда

Қарулы Күштерде әскерлердің жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар жалғасуда

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскерлердің жауынгерлік даярлығы бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтары барысында Қарулы Күштердің әскер түрлерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен тектерінің басқару органдары дабыл бойынша көтерілді.

Тактикалық-саптық сабақтар аясында Қарулы Күштердің әскер түрлерінің, өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшыларының, әскери басқару органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелерін пайдалану мәселесі жөнінде бірлескен штабтық жаттығуы өтті.
Сабақ барысында бөлімшелердің рота тізбектерінің аймақтарына шығуы іске асырылды, жылжымалы басқару пунктері өрістетілді, аймақтық қорғаныспен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, стационарлық және жылжымалы басқару пунктерін орналастыру жүргізілді, аймақтық қағида бойынша әуеайлақтардың күзеті күшейтілді, барлық авиациялық техникалардың қозғалтқыштарын оталдыру орындалды, сондай-ақ, радио жаттығулардың іс-қимылы пысықталды, шоғырлану аймақтарына корабльдердің шығуы жүзеге асырылды .
«Армияның жүйелі және үздіксіз құрылымы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырып және дайындық жүйесін жетілдірумен, еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әскерлердің жауынгерлік даярлығын арттыруын ұдайы қолдау қажеттігімен түсінідіріледі», - деп ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов атап өтті.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?