ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қарулы Күштердің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде астаналық авиациялық базада «Ашық есік күні» өтті

Қарулы Күштердің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде астаналық авиациялық базада «Ашық есік күні» өтті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Әскери-патриоттық тәрбиені нығайту және әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

«SOS» Астана балалар деревнясының» және Астана қаласының әкімдігі балалар үйінің тәрбиеленушілері 19132 әскери бөліміне барды. Онда олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған әскери парадқа қатысатын Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің ең заманауи тікұшақтары мен әскери-көліктік ұшақтарын өз көздерімен көре алды.

Бұдан бұрын, өткен парадтарда, балалар бұл ұшақтар мен тікұшақтарды тек аспанда ғана көрген болатын, себебі ұшу өту бағыты олардың балалар деревнясының үстінен өтеді. Экскурсия уақытында әскери ұшқыштар ұшақтар мен тікұшақтардың тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы айтты, Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшағының, Ми-35 соққы беруші-жауынгерлік тікұшағының және С-295 әскери-көліктік ұшағының штурвалына отыруға мүмкіндік берді.

 ӘӘК музейінде Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің құрылу тарихы, дамуы мен тағайындалуы туралы айтып берді. «Егер балалардың біреуінің жанында келешекте тағдырын аспанмен байланыстру ұшқыны жанса, онда кездесу бекер өткен жоқ» - деді қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Еркен Жұмағалиев. Әскери-әуе күштерінің және 19132 әскери бөлімінің қолбасшылығынан естелік сыйлықтар тапсырылып, шай ішу ұйымдастырылды. Экскурсияның аяқталуы бойынша тәрбиеленушілер өз өмірлерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарындағы әскери қызметпен байланыстыру туралы шын ойланып қалды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: порядок проведения военного парада в Астане

Инфографика: порядок проведения военного парада в Астане