Қарулы Күштерді оңтайландыру жұмысы

Қарулы Күштерді оңтайландыру жұмысы

Мемлекет басшысы айқындаған бағытқа сәйкес Қазақстанда жинақы және кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Негізгі міндет ведомстволардың құрылымдары мен тиімсіз шығындарды оңтайландыру есебінен білікті қызметкерлерді басқару мен ынталандырудың тиімділігін қамтамасыз етуге негізделген. Осы мақсатта мемлекеттік билік салалары арасында қайта бөлу жүргізілді, орталық мемлекеттік органдардың басшыларына үлкен жауапкершілік жүктелді. Осы жұмыс аясында Қорғаныс министрлігінде алғаш рет екі кезеңге бөлінген ҚР Қарулы Күштерінің қызметін оңтайландыру жөнінде кешенді функционалдық талдау жүргізілді. Қазіргі уақытта функционалдық талдаудың алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл талдау Қарулы Күштердің басқарудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру үшін үлкен әлеуетке ие екенін көрсетті.

Сонымен, Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері Бас штабы мен Бас басқармалардың қызметі қаралды.  Жалпы саны шамамен 1500 адамды құрайтын 50 бөлімше мен ведомстволық бағынысты мекеменің қызметіне баға берілді.  Құрылымдық бөлімшелердің 1 148 функциясы қайта пысықталды. Нәтижесінде Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде бірқатар қайталанбалы, тән емес, сондай-ақ ескерілмеген, алайда сұранысқа ие функциялар анықталды.  ҚР ҚМ Орталық аппаратында орындаушыларға басшылар санының біркелкі емес ара қатынасы айқындалды және 1:10 құрайтын осы ара қатынасты халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында 1:7 басқарушылық көрсеткішке шығу жоспарлануда. Бұл ең алдымен, шешімді жедел қабылдау және оны іске асыруға мүмкіндік береді. Функцияларды оңтайландыру және жалпы жүйе тиімділігін арттыру үшін Министрлікті басқарудың жинақы құрылымын қалыптастыру жоспарлануда. Бұл шамамен 1 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік қаражатты үнемдейді және анағұрлым тиімді лауазымды адамдарды ынталандыруға, өз қызметінің мүмкіндіктерін кеңейту үшін жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Оның үстіне, қабылданып жатқан шаралар ұйымдық-штаттық құрылымды жедел реттеу және туындай қауіп-қатерлер мен қажеттіліктерді ескере отырып, Министрлік пен Бас штабтың қажетті бөлімшелерін құру есебінен басқару жүйесінде икемділік береді. Мәселен, киберқауіпсіздік, заманауи геоақпараттық қамтамасыз ету, арнайы операциялар күштерін, жаңа үлгідегі байланыс жүйесін, робот техникасын дамыту, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану және оларға төтеп беру сияқты мәселелермен мақсатты түрде айналысуға бағытталған бюрократтық сөзбұйдасыз жаңа бөлімшелер құруға мүмкіндік береді.  Осы шаралар заманауи трендтермен бірге цифрландыру, барлық мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, радиоэлектрондық күрес, инженерлік қамтамасыз ету, әскери-патриоттық тәрбие және т.б. сияқты бағыттарды іске қосуды өзектендіру және жаңа сапалы деңгейге шығаруға  мүмкіндік береді. Биылғы жылы функционалдық талдаудың екінші кезеңі жалпы Қарулы Күштердің қызметін қамтиды. Бұл ең аз шығындар кезінде, оның ішінде, инфрақұрылымды, материалдық, қаржылық және адами ресурстарды пайдалану тиімділігі есебінен жауынгерлік мүмкіндіктерді арттыруға, сондай-ақ оңтайлы ұйымдық-штаттық құрылым мен әскери объектілердің орналасу сызбасын ретке келтіру ыңғайын айқындауға мүмкіндік береді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи