ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қару-жарағымыз қуатты

Қару-жарағымыз қуатты

Бүгінде Қазақстан бірегей мемлекет¬тік әскери-техникалық саясатты жүзеге асыруда. Соның негізінде отандық қорға¬ныс өнеркәсібі кешенін, халықаралық әскери-техникалық интеграцияны дамыту шараларын үйлестіру, сондай-ақ қолда бар техникаларға сай заманауи техникаларды жеткізу қолға алынды. Жуық уа¬қытқа дейін Қазақстан армиясының техника жағынан жетілдірілуі сыртқа тәуелді болып келді. Бұл ретте «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы орны ерекше болды.

Бүгінде басты назар авиация мен жоғары дәлдікті қару­ларға, әуе шабуылына қарсы радиоэлектронды күрес құралдарына және басқа да жоғары тех­нологиялық жүйелерге аударылып отыр. Осыған байланысты Халықаралық «KADEX» қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізу маңыз­ды қадамдардың бірі болды. Енді басқа да Экспо орталықтармен  бірге жаңа ха­лық­аралық аренаға қару-жарағымен, әс­кери техника мен байланыс және әскери мүл­кі­мен Қазақ­стан да танылды. Мемлекет­ара­лық серік­тес­тікті нығайту мақсатында, зияткерлікті, әскери өндірісті, техниканы және технологияны танытуға, әскери құрал-жабдық пен техника шығаратын қорғаныс өндірісінің әлеуетін арттыруға тамаша алаң жасалды. Қорғаныс  өнер­кәсібінің әлемдегі жетекші мамандары ғылыми және инженерлік-конс­труктор­лық ойларын, жаңа иннова­ция­лық жұмыстарын көрсетті. Бұдан басқа, былтырғы «KADEX-2016» IV халықаралық көрмесінде «Вертолеты России» АҚ, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ және «Авиаремонтный завод №405» АҚ арасында қол қойылған соң Қазақстанда тікұшақ техникаларына қызмет көрсету өз нәтижесін бере бастағанын орнымен айта кету керек. Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құра­мына кіретін қазақстандық «Гидроприбор» ҒЗИ» алғаш рет Әскери-теңіз күштерінің арнайы мақсат­тағы бөлімшелеріне мобильді сүңгуір кешенін жет­кізіп беруді қолға алғандығын да атап көрсеткен жөн. Бұл кешен әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің жа­уын­герлік әзірлігі мен  қабілеттілігін арттыруы тиіс. Қазақстанның Қарулы Күштерінде «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-тың мамандары әзірлеген қуаттылығы орташа «Қарағай» радиостансасы мен «Ақтерек» радиорелелік стансасы сынақтан сәтті өткен болатын. «Казахстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС «Армия-2016» халықаралық әскери-техникалық көрмесінде түнде көздеу құрылғысын, тепловизиялық жүйе, тұрақтандырылған алыстан басқарылатын әскери модуль сияқты өнімдерін жария еткентін. Және де қазақстандық «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясы доңғалақты «Арлан» бронды машинасын көпшілік назарына ұсынды. Сол сияқты «Zhasampaz» консорциумы көпшілік назарына «Тыныс» АҚ зауытының бронды кеудешелерін, қазақстандық әскери бас киім мен киім-кешегін көрсетті.

Қазіргі кезде Қазақстан зауыттарында кеме жасау ісі жолға қойылған.

Мәселен, жуырда Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ақтауға арнайы барған болатын. Онда министр Әскери-теңіз күштері кемелерінің орналасуына қажетті пирстің салтанатты ашылуына қатысты. Бұл әскери пирстің қажеттігі сонда, Каспий теңізінің қазақстандық секторында орын алуы ықтимал деген қауіп-қатерлерге қарсы дер кезінде және ұтымды әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, материалдық-техникалық жарақ­тан­дырудың барлық түрлерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, кемелердің шоғырлану аудандарына шығуын жедел әрі оңтайлы шешуге оң ықпал етеді. «Жеткілікті инфрақұрылымы бар жеке пирстің құрылуы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелерін техникалық әзірлікте ұстау, қойылған тапсырмаларды шешу кезінде қысқа мерзімде олардың жауынгерлік қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіру үшін аса маңызды жағдай болып табылады», деген болатын қорғаныс ведомствосының басшысы.

 

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан әскерилеріне арналған құрал-жабдықтар мен техника түрлерін сырттан сатып алу да оңды шешім. Өйткені, әскердің барынша ұтқыр қимылдауы, дер кезінде әрекет ете алуы көбінесе әскери техникалар мен құрал-жабдықтардың жетілгендігінде екені даусыз. Осылайша, Қазақстан Қарулы Күштері жылдан-жылға өзінің кәсіби дайындығын арттырып келеді. Әсіресе, әскери кадрларын әлемнің үздік оқу орындарында және отандық білім ошақтарында оқыту жолға қойылған. Әскери саладағы кәсіпорындар санын көбейтіп отырғандығын жоғарыда айттық. Олай болса, қазақстандық әскерилер бір саты болса да алға тағы қадам басты. Отанды қорғау оңай іс еместігін қаперге алсақ, бұл жетістіктердің барлығы мемлекеттің мызғымастығын және айбынын паш етеді.

Өткен жылы Мәскеу облысының Кубинка қала­сында өткен «Армия-2016» ІІ халықаралық әскери-техникалық форумына қатысып жатқан отандық әскери техникалар мен осы мақсатта қол­данылатын құрал-жабдықтар сала мамандарының жоғары бағасына ие болғанын айта кеткен жөн. Тіпті, өз өнімдеріміз көрермендердің назары ауған ерекше павильондардың біріне айналды. Соның ішінде, ашық алаңда ерекше көзге түскен қос техника – БТР «Барыс 8x8» және «САРП» 12,7 мм жауынгерлік модулі бар «Арлан» броньдалған дөңгелекті машинасы отандық әскерилердің ұпайын түгендеп, сарапшылардың таңдайын қақтырды. Халықаралық деңгейдегі мұндай форумға алғаш рет қатысып отырған қазақстандық «Барыс» пен «Арлан» тобының техникалары мен өнерін көрермендер қауымы «Алабино» сынақ алаңында тамашалады. Бұл жерде қазақстандық кәсіпорындар 184 шаршы метрлік стендте 46 табиғи үлгі мен 13 әскери және қос мақсаттағы макеттік өнімдерді көрсетілімге қойған болатын. Сондай-ақ, көрме аясында отан қорғаушылар халықаралық шеңбердегі немесе әр түрлі деңгейдегі жаттығуларды орын­дауда соңғы бірнеше жылдан бері пайдаланылған ұялы байланыс құралдарын қолданудың жаңаша әдіс-тәсілдерін таныстырды. Сондай-ақ, Ми-17В-5 және Ми-8 тікұшақтарының нобайлары көрмеге қойылған болатын. «Zhasampaz» консорциумы болса, «Ар­мия-2016» форумының қатысу­шылары мен меймандарына «Тыныс» АҚ зауытының броньды кеудешелерін, қазақстандық өндірістің дулығалары мен әскери киім-кешегін көрсетті.

Алдағы уақытта армияны тех­ни­калық жарақтандыру, отандық қорғаныс өнеркәсібі ке­шеніне қарасты жетекші кәсіп­орын­дармен бірлесіп, халықара­лық стандарттарға сай қару-жарақ пен әскери техниканың озық үлгі­лерін шығаруды жолға қою жалғаса бермек.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"