Парашюттік саласының нұсқаушылары жиынға келді

Жоғары парашюттік секірулерді орындайтын мамандармен арнайы парашюттік дайындықты өткізу мен біліктілікті арттыруға «Первомайск» әуейлағы ҚР ҚК Парашюттік дайындық орталығындағы жиынға парашюттік саласының нұсқаушылары келді.

Парашютшілердің оқу-жаттықтыру жиындары арнайы даярлық, сондай-ақ олардың машығы мен біліктілігін арттыру жөнінде парашютші нұсқаушыларды дайындау бойынша өткізіледі. Жиынға іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің әскери қызметшілері тартылды. Жиын барысында парашюттік жүйелерді аша отырып, кідірте үлкен биіктіктерден секірулер мен берілген ауданға жерге қонуға топтағы секірулер орындалады. Жеке құрам «Мальва аксиома» парашютімен секірулерді орындайды.

«Жиын бағдарламасы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес толық дерлік орындалады. Жиын жақсы ұйымдастырылған деңгейде өтеді. Жиынға қатысушылар дағдыны жетік меңгеріп, еркін құлау дайындығынан өтті», - дейді ҚР ҚК ӘҚК Парашюттік даярлық орталығының бастығы подполковник Леонид Дудкин.

Орталықтың жеке құрамы қазіргі уақытта ірі сайыстарда бүкіл Орта-Азиялық өңірдің намысын қорғай отырып, халықаралық аренада жоғары беделге ие болып жүргенін айта кеткен жөн. Сонымен, құрылған уақыттан бастап 20 жыл ішінде команда спортшылары халықаралық жарыстарда 350 медальді еншіледі. Оның 83-і алтын. Команда парашюттік спорттың әртүрлі жарыстарында Азия мен Океанияның бірнеше дүркін чемпионы атанып үлгерді. Бапкерлер ұжымы халықаралық дәрежедегі 18 спорт шеберін дайындады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"