Құрлық әскерлерінің 2017 жылғы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери бөлімдердің ұдайы шоғырланған мекендеріне жақын маңда отшашар бөлімшелерінің қатысуымен далалық сабақтар өтуде.
Аталған сабақтардың негізгі мақсаты отшашаршыларды штаттық қаруды қолдану және атыс ережесіне оқыту, сондай-ақ оқу атыстарын тәжірибе түрінде орындау болып отыр. Бүгінде отшашар бөлімшелері қиын жерлерде қарсыласқа соққы беруге қабілетті, ұрыстың классикалық түрінде де, арнайы әскери іс-қимылдарда да тапсырмаларды орындауға қолайлы күш болып табылады. Отшашар бөлімшелерінің тәжірибелік атыс сабақтары «Шошқалы», «Шығыс», «Жетісу», «Сарыөзек», «Іле» полигондарында өтуде. Далалық жиындар ағымдағы жылдың 18 тамызында аяқталады.