Офицер-әйел жергілікті әскери басқару органының бастығы болды

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бері алғаш рет офицер-әйел жергілікті әскери басқару органының бастығы болды. Атап айтқанда, Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы лауазымына подполковник Гаухар Сырлыбаева тағайындалды.

Қазіргі таңда армияның қорғаныс қабілетін нығайтуға, әскери қызметтің беделін арттыруға 8 000-нан астам әскери қызметші қыз-келіншектер өз үлесін қосып келеді.
Сондай-ақ, 880-нен аса қыз-келіншек офицерлік құрамда қызмет етеді, оның ішінде, 15-і полковник атағын алғандар, 41 – подколковник, 134 – майор және 690-нан астам қыздар кіші офицерлік құрамда қызмет атқаруда. Әйелдер көп меңгерген медбике, байланысшы, іс жүргізуші мамандықтарынан басқа Қазақстан армиясында мерген, барлаушы, планшетші және басқа да кәсіптегі әйелдер қызмет атқарады. Әскери спортшы қыздарымыз да әлемдік деңгейде Қазақстанның имиджі мен беделін арттыруға лайықты үлес қосуда.
 Олар түрлі халықаралық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, Қорғаныс министрлігінің жетістігін арттыруда. Сонымен қатар, Рио-де Жанейрода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Армияның орталық спорт клубының капитаны Ольга Рыпакова үштік секіруден олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды. Ал, заманауи бес сайыста қазақстандық құрама командада ҚР Қарулы Күштерінің қызметкері Елена Потапенко сынға түсті. Бұдан өзге, Қазақстанда 2017 жылы бірінші рет Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына әскери қызметші қыз-келіншектер үшін арнайы көпайыс байқауы қосылатынын атап өткен жөн.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"