Өз өмірін қия отырып, суға батып бара жатқан қызды құтқарды

Өз өмірін қия отырып, суға батып бара жатқан қызды құтқарды

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні тапа тал түсте «Газмашаппаратура» бау шаруашылығы ауданында орын алды.  

Итін құтқарамын деп 12 жасар қыз суға қарғып түсті. Қыз бала суға бата бастады. Батып бара жатқан баланы көріп, кіші сержант Е. Райымқұлов еш ойланбастан қызды құтқаруға кіріседі. Алайда, өзі судан шыға алмай қалады. Ерланның артынан әйелі мен кәмелетке толмаған екі баласы қалды.  Қаза болған әскери қызметшінің әріптестерінің айтуынша, ол өз қызметін жақсы көрді және өз ісінің нағыз маманы болды. Ол үнемі жоғары жауапкершілік, тәртіптілік, әскери қызметке деген адалдықпен ерекшеленетін.   Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайныдық пәндері бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, оған сеніп тапсырылған әскери техниканы үлгілі ұстайтын. Достары мен жақындары оны қайырымды және өзгелердің проблемаларына бей-жай қарамайтын адам ретінде естеріне алады. Ол қамқор әке, керемет отағасы болды. Әкесінің батыл ерлігін мақтан тұта алатын екі ұлды өсірді. Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы және ҚР Қарулы Күштерінің барша жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Ерланның ерлігі әрбір қазақстандық үшін үлгі болып табылады. Өйткені, жанқиярлық пен батылдықты қызметтік міндетті орындау кезінде ғана емес, сонымен бірге, кез келген өмірлік жағдайларда танытуға болады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи