Өнерлі жанұя

Өнерлі жанұя

«Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ – мемлекетіміздің құт берекесі. Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Өйткені бала –өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру жөніндегі қызметінің бастамасымен, мектептің әскери қызметшілер жанұяларының арасында «Өнерлі жанұя» атты сайыс өткізілді.

Мектебіміздегі әскери қызметшілердің өмірі тек қатаң бұйрықтардан ғана тұрмайды. Ұлттық өнерді бойларына дарытқан, ән салып, би билей алатын шығармашыл қасиетке ие әскери қызметшілеріміз де бар. Оған осы өткізген «Өнерлі жанұя» сайысы дәлел. Бұл шараны өткізу мақсатымыз әскери қызметкерлердің отбасында ата-аналар мен балалары арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру. Отбасы арасындағы өзара сыйласымдығын арттыру, баланы ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру, мәдени ынтымақтастықты арттыру.

Сайыс төрт кезеңге бөлініп, бағаланды. Бірінші кезең «Сәлемдесу», екінші «Жанұя дауысы», үшінші «Мен сияқты биле» соңғы кезең «Актерлік шеберлік». Сайысқа екі әскери қызметшілер отбасы 3 сыныпты сержант Ашимовтер отбасы және аға сержант Джумановтар отбасы қатысты. Олардан өзге подполковник Аупбаев А.А., аға сержант Ильясов К.Б., сержант Ақманбаева Г.М., қызметкер Ибраева Л.Д. отбасыларының балалары өз өнерлерін көрсетіп көрерменді тәнті етті.

Сайысқа мектептің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру жөніндегі қызметінің аға нұсқаушысы Абдуаитова Айнур Алаидарқызы, оқу бөлімі бастығының жалпы білім беру пәндері бойынша орынбасары Зәмзагүл Қожақова, мемлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы Лида Ибраева төрелік етті. Сайыс соңында мектеп бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев сайысқа қатысушыларға өз алғысын жеткізді. Қазылар алқасының төрайымы Айнұр Алаидарқызы өнерлі отбасылардың өнерін бағалау қазыларға оңай болмағандығын айта келе, мараппаттау барысында Жұмановтар отбасын «Актерлік шеберлік» номинациясы, ал Әшімовтер отбасын «Жанұя дауысы» номинациясы бойынша, сол сияқты осы сайыста өнер көрсеткен балалардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Отбасылық сайыс өте қызықты өтті.

 

Капитан М.СМАҒҰЛ

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» Республикалық мектебінің

ИжАНБ офицері

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи