Өнегелі офицер

Өнегелі офицер

Жауынгер фольклорында «командир-туған әкем» деген әзіл-шыны аралас қалыптасқан сөз бар. Салыстырмалы түрде  алсақ, бұл сөздің жаны бар. Себебі, жеке құрамның барлық тірлігіне бірінші кезекте командир жауапты.  Ал «тірліктің» астарында денсаулық, тәрбие, жеке құрамды бар керектімен қамтамасыз ету де бар.

Ең бастысы, осы тізімді жауынгерлік бағыттағы кәсіби шеберлік бастайды. Ал бұл өте күрделі іс. Демек, командирдің бірінші міндеті де осы мәселені қамтиды. Жөн сілтеп, жол бастау, айналып келгенде тұлғалық тұрғыда қарамағындағыларға үлгі болу екінің бірінің пешенесіне жазыла бермейді. Қуаныштысы сол, нағыз командир атанып жүргендер әскерімізде молынан кездеседі. Солардың бірі – Құрлық әскерлері Әскери институтының атыс дайындығы кафедрасының бастығы полковник Мәлік Ноғайбеков мырза.

Әскери өмірде ең маңызды шаруа – ол әскери қызметшілердің тәртібі, тәрбиесі екендігі баршаға белгілі. Әскери азамат болғаннан соң қатаң тәртіпке бағынып, мойныңа түскен барша қиыншылықтарға шыдай білу – әскери тұлғаның бірінші ерекшілігі. Осы жауапты міндетті Мәлік Ноғайбеков мырза үлкен абыроймен атқарып келе жатқан, болашақ офицерлерді тәрбиелеуші, әскери салада айтарлықтай орны бар тұлға.

Бұл азаматтың курсанттарға берген үлгі-өнегесі көп, өз ісін жетік меңгеруі, тәлім-тәжірибиесі мол әскери азамат екендігі, отан сүйгіштік тәрбиеге ерекше көңіл бөлуі курсанттарды әрқашан жігерлендіре түседі.

Полковник Мәлік Ноғайбеков әскери институттымызда офицерлік өнегелігімен ұжым арасында беделді. Өзінің қарапайымдылығы, еңбекқорлығы, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге талпынысы, қашанда ізденісте жүретіні және әскери еңбек жолы –курсанттарға үлгі.

Өзіне тапсырған қызмет саласына зор жауапкершілікпен қарайтын полковник Ноғайбеков тәрбиелеп шығарған офицерлер Қазақстан Қарулы Күштерінде түрлі салада еңбек жолдарын абыроймен атқарып жүр.

Мәлік Ноғайбеков басқаратын атыс дайындығы кафедрасының жеке құрамы курсанттармен өткізілетін әр сабаққа үлкен жаупкершілікпен қарайды. Кафедраның оқытушы құрамы дәрістерін де, далалық оқу жаттығуларын да жоғары деңгейде өткізе біледі.

–Жетістік қашанда көптің маңдай терімен келеді. Менің қол астымда өз ісінің нағыз майталмандары жұмыс жасайды,- дейді полковник Ноғайбеков,- Сол өз ісінің шеберлерін атап өтіп кетсем деп едім, олар Құрлық әскерлерінің Әскери институтының атыс дайындығы кафедрасының аға оқытушылары, полковниктер: Алескер Байтлесов, Анатолий Котвицский, Сергей Масюков, Петр Райчинец; подполковниктер: Аскар Майлыбаев, Ельдос Мусаев, Павел Страшко. Келісімшарт қызметінің әскери қызметшілерінің де арасынан да суырылып алға шыққандарды атап өткеніміз артық болмас, ол сержанттар: Нурлан Ахметкерім, Анатолий Горбатов, Сая Курманғалиева және кіші сержант Динара Чиганбаева. Осы қарамағымдағы жеке құрам курсанттардың білімін арттыру мақсатында институт қабырғасында сыныптар мен тренажерларда теориялық білім берсе, далалық оқу жаттығу кезінде болашақ офицерлердің теориялық білімдерін тәжірбие түрінде сапалы ұштастыра білетін кәсіпқойлар, -деп атап өтті Мәлік Ноғайбекұлы.

Мәлік Ноғайбековтің жары Нүргүл Ноғайбекова да осы институтта әскери қызмет атқарады. Ол – осы аталмыш институттың 3-курсанттық батальонының офицер психологы, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған тату да берекелі отбасының ұйтқысы.

Аида Бектурова

ҚӘӘИ баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства