Бірыңғай жоспар бойынша бір уақытта Әскери-теңіз күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығулары өткізілді. Жаттығу жоспарына сәйкес арнайы бөлімшелер дағдарыс ауданындағы шартты қарулы қақтығысты шешу бойынша тактикалық-атыс іс-қимылдарын орындады
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты еліміздің Батыс өңірдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болды. Қарулы Күштерден басқа маневр жасауға «Бекет-2020» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығуы шеңберіндегі іс-шараларға қатысқан басқа да мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері тартылды.
Теңіз жаяу әскерлері шекара маңындағы ауданда қарулы қақтығысты оқшаулау, оның ішінде босқындар лагерлерін өрістету, олармен қажетті ақпараттық және психологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелерін пысықтады. Қазіргі таңда әскерлерде, бірінші кезекте арнайы операциялар күштері мен арнайы мақсаттағы бөлімшелерде белсенді түрде енгізіліп жатқан армиялық тактикалық атысты қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің іс-қимылы жекелей көрсетілді. Бұл жеке құрамның жауынгерлік даярлығында жаңа бағыт пен заманауи ерекшеліктерін ескере отырып, жауынгерлердің ұрыс жылдамдығын, қарсыластың тікелей жақындығы мен жауынгерлік тәртіпке өрістету үшін жағдайлардың орын алмауы кезеңінде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу дағдыларына басты назар аударылады. Әскери қызметшілер армиялық тактикалық атыс жаттығуларын орындау барысында атыс қаруын, сондай-ақ суық қаруды, атап айтқанда пышақты, сапер күректерін және т.б. қолдана отырып, қарсыласты әртүрлі ережелерден жеңуді жүзеге асырады. Мұндай іс-қимыл жауынгерлерден тек сенімді кәсіби дағдыларды ғана емес, жеке құраммен тұрақты негізде өткізілетін арнайы психологиялық дайындықты да талап етеді.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов қадағалады. Олар жауынгерлердің кәсібилігіне, Қарулы Күштер бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік органдардың өңірдегі дағдарыстық жағдайды жою жөніндегі міндеттерді шешудегі іс-қимылдарының үйлесімділігіне жоғары баға берді.