Курсанттар әскери ант қабылдады

Курсанттар әскери ант қабылдады

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының саптық алаңында сымдай тартылған 166 болашақ офицер Отан алдында ант беріп, Қарулы Күштеріміздің қатарын толықтырды.

Салтанатты рәсімге Қарулы Күштеріміздің ардагер офицерлері, жергілікті басқару әкімшілік өкілдері, курсанттардың жақын туыстары, ата-аналары қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінен, республикалық әскери мектептерден іріктелген сайдың тасындай курсанттар әскери оқу орнында бес жыл оқып офицер атанбақ. Білімдері, моральдық-психологиялық көрсеткіштері және дене дайындығы жоғары азаматтар, мандаттық комиссия шешімімен оқуға қабылданған күннен бастап бір ай бойы жауынгерлік дайындықтың кезеңдік дәрістерінен өтіп, әскери ант қабылдап, толыққанды курсант атанды.

    Салтанатты кеште сөз алған институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы « Оқу орны қаланғалы бері 17 жыл артта қалып, бүгінгі таңда 1714 офицер түлеп ұшырылды. Алдыңғы буыны бригада командирі, кейінгі буыны взвод командирі болып еліміздің айбынды армиясында және де барлық күштік құрылымдарда Отан алдында борышын абыроймен атқаруда. Бәріміз алғашқы офицерлік қадамымызды курсант атанудан бастағанбыз. Нағыз курсант жақсы оқып, білімге құштар, дене дайындығы шымыр болып, азамат атына лайықты болуы керек. Сіздердің алдағы уақытта аға буын жолын қуып, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғайтын, қасық қаны қалғанша Отанымызға және Жоғарғы Бас Қолбасшы алдында адал болатындарыңызға сенімдімін» деді.

    Орталық Азиядағы теңдесі жоқ әскери мамандар дайындайтын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты болашақ офицерлерді келесідей мамандықтар бойынша дайындайды: Радиобайланыс және радионовигация, Радиотехника, Көпасалалы және бір салалы зенитті-зымыранды әскерлер, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Радиоэлектрондық күрес және радиоэлектронды барлауды ұйымдастыру, Автоматты басқару жүйесі, байланысты ұйымдастыру мен радионовигация, Ақпараттық технологияның қауіпсіздігін ұйымдастыру. Биылдан бастап әскери институт киберқауіпсіздік мамандығы бойынша мамандар дайындауды қолға алды. Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің ұйымы аясындағы әскери шарттарға сәйкес, Қырғызстан Республикасына әскери мамандар дайындайды. Келесі жылдан бастап Өзбекстан, Тәжікстан Республикаларына әскери мамандарды дайындау жоспарланған.

 

Запастағы майор Ербол АЛИБАЕВ


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства