Күзгі шақырылған жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады

Күзгі шақырылған жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады

Биылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің бес мыңға жуық сарбазы Отанға адал болуға салтанатты түрде ант қабылдады.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында өтті. Болашақ Отан қорғаушыларын олардың өмірлеріндегі маңызды оқиғамен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығы, ата-аналары мен туыс-туғандары құттықтады.

«Жігіттердің әскерге шақырылғанына бар-жоғы бір ай ғана болса да, олар саптық адымды сауатты игерген, сондай-ақ жалпыәскери жарғының негізгі талаптарын біледі, - дейді Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Садықов.
Әскери істің қыр-сырын олар алдағы бір жыл уақытта толықтай игермек. Ол үшін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер осы бір жыл ішінде жас буынның атудағы және жауынгерлік машиналарды жүргізудегі шеберліктері, сондай-ақ жауынгерлік және дене тәрбиесі бойынша нормативтерді үздік тапсыруы үшін барын салатын болады.
«Әскерде өзімнің мінезімді қалыптастырып, елімнің тыныштығы үшін қызмет еткім келеді. Әскери династияның өкілі ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына шақырылғаныма қуаныштымын. Армандар әрдайым орындалады. Бүгінгі күн соның айғағы. Мен өзімді әскери-теңіз күштерінің қатарында ант қабылдағаным үшін мақтаныш етемін және еліміздің теңіз шебін сенімді күзететін боламын», - дейді мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Олег Романов.
Қазіргі уақытта әскерге физикалық дамыған, білімді, моральдық тұрғыдан ұстамды жастар шақырылуда. Ардагерлер мен әскери бөлімдердің командирлері олардың даңқты жауынгерлік дәстүрлердің лайықты жалғастырушысы және Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі болатынына сенімді.
2017 жылғы шақыру науқаны барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына әскерге шақыру жасындағы 16 мыңнан астам азамат шақырылатын болады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП