Канада еліне жолдама алды

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 10216 әскери бөлімінің маман – планшетшісі лауазымын атқарып жүрген қатардағы жауынгер Сандуғаш Сенбек  осы жылдың жазында Канада елінде әскери қызметшілер арасында волейболдан өтетін спартакиадаға жолдама алды.

Отбасында төрт перзенттің екіншісі болып бойжеткен Сандуғашты спортқа деген ынтасын бастауыш сыныпта оқып жүргенінде байқаған әкесі қызын қосымша спорт үйірмесіне берген. 2010 жылы 9 сыныпта оқып жүрген Сандуғаш Алматы қаласында өткен мектепаралық волейболдан 1-орынды иеленсе, 2011 жылы жоғары оқу орындары арасында Астана қаласында өткен жарыста команда капитаны болып 1-орынды иеленген.

         2017 жылы Қарулы Күштері қатарына келгенге дейін Халықаралық түрлі деңгейде өткен жарыстарда команда капитаны ретінде, үздік волейболшы ретінде үздік орындардан көрініп келген.

         Осы жыл да оған табыстар әкелді. Мәселен, қаңтар айында Аягөз қаласында 97616 әскери бөлімінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдері арасында өткен жарыста капитан басшысы ретінде 10216 әскери бөлімінен барған команда бірінші орынды алды. Ал ақпанда Щучинск қаласында өткен іріктеуде Сандуғаш үздік көрініп, 2018 жылдың жазында Канада елінде волейболдан өтетін спартакиадаға қатысатын болды.

         Сандуғаш қазіргі таңда Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионында жаттығуда. Мұхиттың арғы жағында өтетін додада Сандуғаштың жүлделі оралуын 10216 әскери бөлімінің барлық жеке құрамы тілеуде. Қарулы Күштерінің мақтанышы болған Сандуғаш әріптесімізге ақ жол дейміз!

 

майор Б.ӘБЕНОВ

 

ҚР ҚК ӘҚК

10216 ә/б ТжИЖ бөлімінің аға офицері

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства