Кадрлар саясатына аса мән беріледі

Қазіргі уақытта ҚР ҚК кадр органдарының басты міндеті армияны жоғары даярланған офицерлер құрамымен сапалы жасақтау болып табылады. Қарулы Күштерді жасақтау мақсатында жұмыстың жаңа әдістері енгізілді, үгіт-имидждік жұмыс күшейтілді.

 Бүгінгі күні әскери кадрлардың сапалы әлеуетін арттыруға бағыт алып отыр. Офицерлер құрамын курстық даярлау Қазақстан Республикасында және  шетелде ұйымдастырылған.

Салиқалы кадр саясаты әскери қызмет өткеруді тұрақтандыруға мүмкіндік берді және офицерлер құрамына қажетті білім, жан-жақты тәжірибе және дағдыларға ие болуды қамтамасыз етті.

Әскери кадрларды даярлау жүйесі серпінді дамуда. Соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының, Ресей мен Беларусь Бас штабының академияларында 200-ден астам генерал және офицер білім алды.

Жас офицерлерді даярлау Қазақстанның 3 әскери институтында, сондай-ақ АҚШ, Түркия, Үндістан, Пәкістан, ГФР, Корея, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан ӘООларында жүзеге асырылады.

Кадр саясатының барлық іс-шаралары Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысының: «Қазір біз бірлесіп ХХІ ғасырдың қазақстандық жауынгерінің ұжымдық бейнесін жасаудамыз, оның ерекше белгілері патриотизм, зияткерлік даму, салауатты өмір салты болуы тиіс» нұсқауына сәйкес жүргізіледі және офицерлер корпусының сапалық сипаттамаларын жақсартуға, меритократия қағидатын енгізуге, дамыған көшбасшылық және адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматты және Отан қорғаушысын тәрбиелеуге бағытталған.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"