Кадеттерге командирлердің рөлінде бөлімшелерді басқару сеніп тапсырылды

Кадеттерге командирлердің рөлінде бөлімшелерді басқару сеніп тапсырылды

Ш. Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында бөлімше командирлерінің рөлінде тағылымдамадан өткен кадеттердің кезекті ауысымы өтті. Аталмыш бірегей тәжірибе болашақ кіші командирлерге сапалы тұрғыдатәлім-тәрбие беру үшін енгізілді жәнеоқу орнында қолданылады.

Әрбір кадет оқыту кезеңінің ішінде 2-3 мәрте өз бөлімшесінің командирі рөлінде үш апталық тағылымдамадан өтеді.Тағылымдама барысында оқып-үйренушілер бөлімше командирінің лауазымдық міндеттерін өздігінен орындауда, жекеқұрамды басқару мен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізуде практикалық тәжірибе жинақтайды. Кадеттер өздерінің көшбасшылық қасиеттері мен сеніп тапсырылған бөлімшемен жұмыс жасау әдістемесін пысықтай отырып, командалық-әдістемелік дағдыларын шыңдайды. Кадеттердің іс-қимылдарын рота сержанттары мен взвод командирлері қадағалауда. Аға әріптестері мен тәлімгерлері ретінде олардың мықты және осал тұстарын айқындай отырып, олар консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді.

2-оқу ротасының сержанты 3-сыныпты сержант Данияр Байқоңыровтың айтуынша, мұндай практика кезінде кадеттер бірінше кезекте басқару тұрғысында сенімділікті дамытады. Бұл олардың әскери бөлімдердегі әрі қарайғы қызметтеріне қолайлы ықпал етеді. «Алғашында кадет бөлімшені басқара алмайтын кездері де болады. Бірақ, келесі жолы өзінің ағаттықтарын талдай отырып, барлығын дұрыс әрі ойдағыдай жасайды», - дейді ол. Кәсіби сержанттар ұстаханасында, яғни, Ш. Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында кіші командирлердің көп санды буыны ретінде бөлімше командирлерін жан-жақты дайындауға жіті назар аударылады. Болашақ сержанттардың командалық машықтарын бекіту үшін оқу орнында кадеттердің көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру бойынша кешенді шаралар қолданылады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений